Дархан Асаділов - қазақ каратэсін жаңа деңгейге көтерген бірегей спортшы
Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Дархан кәсіби спортта айтулы жетістікке қол жеткізген. Бұл қатарда Токио Олимпиадасындағы (-60 кг) қола жүлдені, әлем чемпионатының күмісі (2008) мен қоласын (2018), Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтынын атап айтуға болады. Сондай-ақ ол - спорттың осы түріндегі ең беделді жарыс Karate-1 Премьер-лига бәсекесінің 8 дүркін жеңімпазы.
Айта кетейік, Дархан Асаділов осыған дейін Шымкент қаласындаға спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрама командасында жаттықтырушы болды.
Дархан Асаділов - қазақ каратэсін жаңа деңгейге көтерген бірегей спортшы. Алдағы қызметте отандасымыз бай дәстүрі бар сол мектептің стилін және өзінің бай тәжірибесін отандастарымызға көрсетіп, даярлауға жұмсайтынына сенімдіміз.
Асаділов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы халықаралық жарыс мамырдың аяғында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты болады.
Бас бапкердің алдағы мақсаты - Ұлттық құраманың жаттықтырушылар қосынын жасақтау, келесі жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтиже көрсету.