Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Букмекерлерден пара алып ұсталған экс-шенеунік Головкиннің орынбасары болды

Редактор
24.04.2025, 15:22

Сәкен Мұсайбеков 2021 жылы ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын

ҰОК

Ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған  бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) вице-президенті болып тағайындалды.

«Сәкен Мұсайбеков – қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президенті, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры», – делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, Сәкен Мұсайбеков 2021 жылы қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын. Ол букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсеткен және жалпы қамқорлығы үшін пара алған. Пара ретінде «Exirius» ЖШС басшысы Заңғар Медеуов оған 6,2 млн теңге берген. Оның 4 миллионына Hermes әйелдер сөмкесі сатып алынған.

Кейін Мұсайбеков кінәсін мойындап, мемлекетке 62 млн теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылған еді.

Жарнама
Жарнама