Отандық биатлоншылар әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты

Редактор
08.01.2024, 14:23

Қазақстан спортшылары әлем кубогінде 11-орын алған

Franz Kirchmayr/SEPA.Media /Getty Images

Биатлоннан Қазақстанның ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады. Отандық биатлон тарихында араға ұзақ уақыт салып ерлер құрамасы әлем кубогы бәсекесінде 11-орын алған болатын.

Германияның Оберхофф қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде жеті шақырымдық эстафета өтіп, Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов пен Никита Акимов төрттігі алғашқы ондыққа бір қадам жақындады.

Әлем кубогы сынының төрт кезеңіндегі қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы 12-орынға көтерілді.

Материалда: