«Шіркеуге барамыз»: Илья Ильин қазақстандықтарды Рождествомен қазақ тілінде құттықтады (ВИДЕО)

Редактор
08.01.2024, 17:50

Бұған дейін танымал спортшы мемлекеттік тілді үйреніп жүргенін айтқан болатын

Фото ашық дереккөзден

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин көпшілікті Рождествомен қазақ тілінде құттықтады. Тізесіне жасаған отадан кейін балдақпен жүрген спортшы әйелімен бірге діни мерекеге қатысты тілегін білдірді.

«Баршаңызға жақсы күн тілеймін. Біз жұмысқа барып, аздаған шаруаны істейміз. Содан кейін ата-анамызбен кешкі ас ішеміз. Шіркеуге барамыз. Құдайға алғыс айтамыз. Армандар картасын алып, мақсатымызды айқындаймыз. Сондай әңгіме бар, достар! Баршаңызға жақсы көңіл күй тілейміз! Ауырмаңыздар», - деді Илья Ильин.

Бұған дейін ауыр атлет аяғына ота жасатқан еді. Кейін дәрігерлері оның тізесін емдеу шарасы ойдағыдай өткенін айтты. 

Сондай-ақ, екінші рет отау көтерген спортшы жақын уақыттары кішкентайлы болуға дайындалып жүр.