Қазақстанның ең сұлу спортшы қыздарының бірі «ыстық биімен» жанкүйерлерін қуантты (ВИДЕО)

Редактор
09.01.2024, 09:21

Әлеуметтік желі қолданушылары оны Дженифер Лопезге теңеген

instagram.com/elmira_aigaliyeva/

Жүзу спортынан Азия ойындарының чемпионы Эльмира Айғалиева жаңа жылды Тайланд астанасы Багкокта қарсы алды. Жуырда ол әлемдік челленджге айналған биді билеп, видеосын өзінің Instagram-парақшасына жүктеді.

Жанкүйерлері болса Эльмираның «ерекше талантына» мақтау айтуда. Бірі оны америкалық поп-жұлдыз Дженифер Лопезге ұқсатса, өзгелері оттай ыстық екенін білдірген.

Айта кетейік, Эльмира Айғалиева суға жүзу спортынан Қазақстан рекордсмені. Бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы, Азия ойындарының чемпионы.