«Astana» велошабандоздары «Аль-Ула Тур» көпкүндігіне қатысып жатыр

Редактор
30.01.2024, 14:45

Жарыс 3 ақпанға дейін созылады

«Astana Qazaqstan Team» баспасөз қызметі

30 қаңтарда Сауд Арабиясында велоспорттан «Аль-Ула Тур» көпкүндігі басталды, деп хабарлайды 1bol.kz.

«Astana Qazaqstan Team» велоклубының баспасөз қызметі оған қатысатын велошабандоздардың тізімін жариялады.

3 ақпанға дейін жалғасатын додада команда сапында Хенок Мулюбырхан, Игорь Чжан, Антон Кузьмин, Глеб Сырица, Даниил Марухин, Николя Винокуров және Алессандро Ромеле сынға түседі.

Бұдан бөлек, Қазақстан велоспортшысы Дмитрий Груздев «Astana Qazaqstan Team» велокомандасымен келісім-шартты ұзартқаны белгілі болып отыр.

Ол отандық велоклубта 12 маусымға қатысып, 9 гранд-тур, 20 монументалды классикалық жарыстарға қатысты. Сондай-ақ, бұған дейін «Astana Qazaqstan Team» велокомандасы көпкүндік «Тур Даун Андер» жарысында бақ сынаған болатын.