Жарнама
Жарнама

14 жастағы қазақстандық теннисші Еуропаны мойындатты

Редактор
24.12.2025, 16:15

Жас спортшы 16 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингін 24-орынмен аяқтады

KTF

14 жастағы қазақстандық теннисші Ахмади Мақанов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Tennis Europe Tour аясында «Үздік шетелдік ойыншы» атағына ие болды. Ол Еуропа одағына кірмейтін елдер арасынан ең үздік деп танылды.

Маусым бойы жоғары нәтиже көрсеткен жас спортшы 16 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингін 24-орынмен аяқтады.

2025 жылы Ахмади Стокгольмде өткен, 14 жасқа дейінгілерге арналған Tennis Europe супер санатындағы Король кубогында жекелей сында чемпион атанды. Ал жұптық сында Avenue Cup, Tim Esson және Breslav Open турнирлерінде топ жарды. Сондай-ақ жекелей сында Tennis Europe жарысында финалға дейін жетті. Бұған қоса, Майамиде өткен беделді Eddie Herr International Junior Championship турнирінің жартылай финалына шығып, бұл межеге жеткен алғашқы қазақстандық атанды.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ахмади Мақанов Team Kazakhstan академиясында тіркелген. Жеке бапкері – Павел Цой.

Айта кетейік, бұл аталымды бұған дейін қазақстандықтардан Зара Дәркен (2021), Заңғар Нұрланұлы (2022), Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков (2023) иеленсе, 2024 жылы Аңсар Ниетқалиев марапатталған.

Реклама
Реклама