Теннисші Қазақстан тарапынан қандай талап қойылғанын да атап өтті
Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Александр Бублик сұхбат беріп, ел атынан өнер көрсетудің ерекшеліктері туралы әңгімеледі.
Sports.ru басылымына сұхбат берген спортшы Ресейден Қазақстанға ауысқанда өзіне қомақта ақша берілмегенін атап өтті.
«Бірақ мені Қазақстанға ауысқаным үшін бір миллион доллар аударды деген сияқты жағдай болған жоқ. Бастапқыда жарыстар мен команда шығындарын төлеп отырды. Рейтингім көтерілген соң оған мұқтаж болмадым. Біз ынтымақтастықты жалғастыру мәселесін талқыладық да, менің ересек әрі тәуелсіз екенімді ескердік. Қазір жалақы бар. Бұл сома команда шығындарын төлегенге қарағанда әлдеқайда аз, бірақ процестің бір бөлігін жабады – бұл өте жақсы. Ең қиын сәтте маған көмектескен адамдардан көп сұрауға ешқашан батылым жетпейді», - деді Бублик.
Сондай-ақ, ол Қазақстан тарапынан қандай талап қойылғанын да атап өтті.
«Тек Дэвис кубогында ойнау және елді көрсету ғана талап етіледі», - деді ол сұхбат барысында.
Бұдан бөлек, теннисші өз мақсаты туралы сұраққа жауап, ол үшін атақтың маңызды емес екенін жеткізді.
«Мен тыныш, сабырлы өмірді жақсы көремін. Өзімді толыққанды адам сезіну үшін маған атақ-даңқ, марапаттар немесе мәртебе қажет емес. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспін. Өзіме мен баяғыда-ақ, бірнеше жыл бұрын бәрін дәлелдеп қойғанмын. Балалық шағымда армандаған дүниеме қол жеткіздім. Қалғанының бәрі - жай ғана бонус. Ол мені мүлде өзгертпейді», - деді теннисші.
Ол бос уақытыңда теннис көргенімен, әйелдердің бұл бағыттағы ойыны аса қызықтырмайтынын атады.
«Әйелдер теннисін көрмеймін. Онда мен үшін көруге тұратын ештеңе жоқ. Бұл спорт түрін түсінбеймін, қызықтырмайды. Ерлерден «Үлкен дулыға» финалдарын көре аламын. Немесе достарымды, әріптестерімді қолдап көремін», - деді Бублик.