Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына шықты

Редактор
29.01.2026, 16:49

Финалда отандасымыз әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі

championat.com

Қазақстандық теннисші (5) жартылай финалда АҚШ өкілі Джессика Пегуланы (6) жеңді. Финалда отандасымыз әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына жолдама алды. Жартылай финалда отандасымыз АҚШ өкілі Джессика Пегуланы (әлемнің 6-ракеткасы) жеңіп, шешуші матчқа өтті. Кездесу (6) 2:0 (6:3, 7:6) есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды. 

Бұған дейін Рыбакина турнирдің ширек финалында Польшаның көшбасшысы, әлемнің 2-ракеткасы Ига Швентекпен кездескен еді. Екі теннисші осыған дейін 11 рет ойнап, оның 6 матчында Швентек жеңіске жеткен болатын. Алайда бұл жолы Елена айқын басымдық танытты. 

Реклама
Реклама