Жарнама
Жарнама

Танымал теннисші «Ролан Гарроста» ауыр жарақат алып, корттан арбамен шықты

Редактор
Бүгін, 09:00

Баптист сол аяғын қатты қайырып алған

Getty sport

Францияның ашық чемпионатында америкалық теннисші Хейли Баптист ауыр жарақат алып, корттан мүгедектер арбасымен шығарылды.

Жағымсыз жағдай «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында қытайлық Ван Сиюйге қарсы өткен матч кезінде тіркелді. Ойын барысында Баптист артқы сызықтан соққы жасау сәтінде тепе-теңдігін жоғалтып, сол аяғын қатты қайырып алған.

Медициналық қызметкерлер бірден көмек көрсетуге асыққанымен, америкалық спортшы кездесуді жалғастыра алмады. Артынша ол корттан мүгедектер арбасымен шығарылды.

Айта кетейік, бұл турнир Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үшін де сәтсіз аяқталды. Қазақстандық теннисші екінші айналымда украиналық Юлия Стародубцеваға жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.

Үш сетке созылған тартысты матч чемпиондық тай-брейкке ұласты. Қорытынды есеп — 3:6, 6:1, 7:6 (10:4) Стародубцеваның пайдасына шешілді.

Реклама
Реклама

Материалда: