Соңғы жарысын ол Мексикада өткізіп, жеңіліп қалды
Әйелдер арасында әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина биыл жарыстардан 5,49 миллион доллар табыс тапқан. Бұл көрсеткіш теннисшінің өткен жылғы көрсеткішінен 2 миллион долларға көп болып отыр.
Metaratings-тің жазуынша, әйелдер санаты бойынша мол қаржы тапқан теннисшілер көшін Ига Швентек бастаған. 2023 жылы Швентек 9,86 млн доллар көлемінде қаржы тапқаны белгілі болды. Ал екінші сатыға тұрақтаған беларусь Арина Соболенконың байлығы 8,2 млн долларға арта түсті. Оның былтырғы табысы небәрі 2,2 млн долларды құраған еді.
Сондай-ақ, Коко Гауфф (6,67 млн), Джессика Пегула (5,97 млн) және Елена Рыбакина (5,49 млн) алғашқы бестікді түйіндеп отыр.