Александр Бублик Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Редактор
04.07.2024, 12:31

Ол рейтингіде 98-орында тұрған теннисшіні жеңді

ktf.kz

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 98-орында тұрған франциялық Артур Казодан айласын асырды.

Бублик қарсыласын 6:4, 7:6 (7:1), 6: есебімен тізе бүктірді.

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Полмен кездеседі.