Зарина Диас енді 490-орынға көтерілді
Қазақстандық теннисші Зарина Диас әлемдік рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартты. Бүгін Әйелдер теннис қауымдастығы жаңартылған рейтингті ұсынды.
Зарина Диас енді 490-орынға көтерілді, бұрын одан 81 сатыға төмен орналасқан болатын.
30 жастағы Диас кортқа 2024 жылдың мамыр айында оралды. Ол жарақатына байланысты екі жыл ойнай алмады. Сондай-ақ Қазақстанның тағы бір өкілі Соня Жиенбаеваның 680-орынға көтерілді, бұған дейін ол 101 позицияға төмен болған.
Тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева 27 сатыға көтеріліп, қазір рейтингте 315-ші орында тұр.