Тамызда Елена Рыбакина бапкері Стефано Вуковпен келісімшартын үзді
Қазақстан теннис федерациясы Елена Рыбакинаның жаңа бапкеріне қатысты пікір білдірді.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық маман Стефано Вуковпен келісімін бұзған соң әрі қарай кіммен жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, тамыз айында Елена Рыбакина бапкері Стефано Вуковпен келісімшартын үзді. Рыбакина бұл маманмен бес жыл бойы жұмыс істеп, бірқатар жетістікке жетті.
«Барлығы процесс үстінде. Қарастырып жатыр. Уақытша екінші бапкер Ловро Зовко ауыстыратын шығар. Ол Елена Рыбакинаның командасы үшін әлеуетті маман ретінде қарастырылуда. Біз қазір онымен сөйлесіп жатырмыз. Бұдан бөлек басқа мамандарды зерттеп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, Стефано Вуковпен бес жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Стефано Вуков оны 200-діктен ТОП-5-тің қатарына енгізді. Сондықтан қиын сұрақ. Жылдың соңына дейін Ловре Зорко болатын шығар. Себебі Елена оны жақсы біледі. Сонымен қатар оған команда капитаны Юрий Щукин көмектесіп жатыр», - деді Досқараев «24 KZ» телеарнасына берген сұхбатында.