Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Александр Бублик Монпелье турнирінің ширек финалына шықты

Редактор
30.01.2025, 17:07

Александр Бублик бұл турнирде чемпион атанған еді

KTF

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің екінші айналымында неміс Доминик Кёпферден басым түсті.

Кездесу екі сетке созылып, Бублик 6:4, 6:2 нәтижесімен басым түсті.

Ойын барысында қазақстандық теннисші 5 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды. Сондай-ақ, бірде-бір қос қателікке бой алдырмады.

Айта кетейік, Александр Бублик бұл турнирде бұған дейін чемпион атанған. Ол өткен жылғы жетістігін қайталап, титулын қорғауды көздейді.

Ширек финалда Бублик Маттие Беллуччи (Италия) мен Александр Ковачевич (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түспек.

Жарнама
Жарнама