Енді отандасымыз жартылай финалда украиналық теннисшімен кездеседі
Анна Данилина Линцтегі WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Австрияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінде сәтті өнер көрсете білді.
Ширек финалда Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Яна Сизикова/Анастасия Потапова (Ресей) жұбын 2:0 (6:1, 6:2) есебімен сенімді түрде жеңді.
Енді отандасымыз жартылай финалда украиналық Людмила және Надежда Киченок жұбымен өзара мықтыны анықтайды.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің екінші айналымында неміс Доминик Кёпферден басым түскен болатын.