Отандасымыз аталған сында жұптық сайыста өнер көрсетті
Қазақстан теннисшісі Анна Данилина Мексикада аяқталған WTA сериясының Мериде турнирінің финалында есе жіберді. Отандасымыз аталған сында жұптық сайыста қатысқан болатын.
Чемпиондық үшін өткен шешуші матчта Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге өнер көрсетіп, польшалық Катажина Питер және мысырлық Маяр Шериф жұбына қарсы ойнады.
Алайда Анна Данилина мен Ирина Хромачева екі сеттің қорытындысы бойынша мүмкіндіктерін мүлт жіберді. Алғашқы кезең 6:7 нәтижесімен аяқталса, екінші сеттің қорытысындысы 5:7 есебімен аяқталды.
Аталған турнирдің жартылай финалында Данилина жұптық әріптесімені бірге америкалық Николь Мартинес пен венгриялық Тимея Бабоштан басым түсті. Тағы бір айта кететін жайт, Данилина жекелей сында 2024 жылдың тамыз айынан бері әзірге ойынға қатысқан жоқ.