Александр Бублик бірден 19 сатыға көтеріліп, 43-орынға жайғасады
Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінде тарихи жетістікке жетіп, қомақты табысқа ие болды.
Францияда өткен «Үлкен дулыға» турнирінен кейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің табысы белгілі болды.
Қазақстандық теннисші ерлер арасындағы жеке сында еліміз үшін бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді – ол «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына дейін жетті. Бұл кезеңде Бублик әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерге есе жіберді.
Халықаралық кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартқан рейтингке сәйкес, Александр Бублик бірден 19 сатыға көтеріліп, 43-орынға жайғасады.
Турнирдің ресми мәліметінше, Бублик ширек финалға шыққаны үшін 440 мың еуро (шамамен 256 миллион теңге) көлемінде жүлде қаржысына ие болды.