Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Ига Швентек Цинциннати турнирінің чемпионы атанды

Редактор
19.08.2025, 12:12

24 жастағы спортшы маусымдағы екінші титулын жеңіп алды

Robert Prange/Getty Images

Поляк теннисшісі Ига Швентек АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің чемпионы атанды.

Финалда әлемдік рейтингтің үшінші ракеткасы атанған Швентек сегізінші орын иегері, италиялық Жасмин Паолиниді екі сетте ұтты. Кездесу 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.

24 жастағы спортшы маусымдағы екінші титулын жеңіп алды. Бұған дейін ол шілде айында Уимблдон турнирінде америкалық Аманда Анисимованы финалда 6:0, 6:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын.

Цинциннати додасындағы жеңіс Швентектің кәсіби мансабындағы 24-ші титулы болды. Оның ішінде 11-і WTA 1000 санатындағы турнирлерден.

Жаңа рейтинг жарияланғаннан кейін Ига Швентек америкалық Кори Гауффты артта қалдырып, әлемнің екінші ракеткасы атанады.

Айта кетейік, алты дүркін «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы, әлемнің үшінші ракеткасы Ига Швентек Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалындағы ойыны жайлы пікір білдірді. Польша теннисшісі қазақстандық Елена Рыбакинаны 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: