Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы туған жерінде көкпар ұйымдастырды

05.01.2025, 23:14

Көкпардың жүлде қоры 1 млн теңгені құрады

instagram.com/nurgisa.adiletuly/

Ауыр атлетикадан Бахрейн астанасы Манамада әлем чемпионатында 96 келі салмақта чемпион атанған Нұрғиса Әділетұлы туған жері Түркістан облысында көкпар ұйымдастырды.

Бұл туралы ауыратлеттің өзі әлеуметтік желіде хабарлады. Көкпардың жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған.

Айта кету керек, Нұрғиса Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Бөген ауылында дүниеге келген.

«Көкпаршы жігіттер құтты болсын айтып үйге келіп көкпар тастап, бата беріп кетті. Отбасыммен ақылдаса келе көкпар додасын өткіземіз деп шештік. Әрі көкпар ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр. Сондықтан дәстүрді жаңғырту мақсатында көкпар ұйымдастырдық. Жалпы 200-ге жуық көкпаршы қатысты. Бас жүлдеге екі түйе атадық»,- дейді әлем чемпионы.

Сондай-ақ, Нұрғиса Әділетұлына чемпион атанғаннан кейін Шымкент қаласының әкімдігі екі бөлмелі пәтер беріп, жылдың үздік спортшысы атағын қоса сыйлаған.

Еске салайық, Бахрейнде өткен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары екі алтын медаль жеңіп алды. Оның бірі Нұрғиса Әділетұлы болса, екіншісі – 73 келіде бақ сынаған Алексей Чуркин.

Жарнама
Жарнама