ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Әлем чемпионы Санжарәлі Бегалиев жеңіліс тапты

18.11.2025, 17:09

Осылайша, Бегалиев турнирдің қола жүлдегері атанды

Әлем чемпионы Санжарәлі Бегалиев жеңіліс тапты
Бокс федерациясы

Делиде өтіп жатқан Бокс бойынша әлем кубогының финалдық кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда. 80 келі салмақта Қазақстан атынан шыққан Санжарәлі Бегалиев финал жолдамасы үшін британдық Шиту Оладимеджимен кездесті.

Алғашқы раундта төрешілер айқын басымдықты қарсыласқа берді – 5:0. Екінші раундта да Оладимеджи жеңіске лайық деп танылды (3:2).

Үшінші раундта да төрешілер жекпе-жек Шиту Оладимеджидің басымдығымен өтті деп таныды. Осылайша, Бегалиев турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Санжарәлі Бегалиев — 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы (75 кг). Биыл ол 80 келі салмақ дәрежесінде дебют жасап, U-22 Азия чемпионатының алтынын және ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының қоласын жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам