ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Қарсыласыма көмектесті»: Балауса Мұздыманның менеджері Ангелина Лукасты сотқа бермекші

18.11.2025, 23:46

Лукастың сөзінше, Мұздыманның бапкері Сағатбек Мұсаханов америкалық боксшы Кэрин Реннимен байланысқан

«Қарсыласыма көмектесті»: Балауса Мұздыманның менеджері Ангелина Лукасты сотқа бермекші
kursiv.media

Әлем чемпионы Ангелина Лукас Кэрин Реннимен болған жекпе-жектен кейін әлеуметтік желіде видео жариялап, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағатбек Мұсахановты айыптады. 

Спортшының сөзінше, жекпе-жек алдында кейбір қазақстандықтар ұйымдастырушыларға шығып, жекпе-жектің нәтижесіне әсер етуге тырысқан. Сонымен бірге ол қазақстандық жаттықтырушы Сағатбек Мұсаханов америкалық боксшы Кэрин Реннимен байланысып, оған жекпе-жекке дайындалу кезінде кеңес бергенін мәлімдеді.

Еске салайық, 14 қарашада Каирде өткен WBA-Gold белбеуі үшін кездесуде Лукас төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді. Алайда бірнеше күннен кейін америкалық спортшының допинг-тесттен өте алмауына байланысты жекпе-жек «өтпеген» деп танылды.

Ал Лукастың мәлімдемесіне қатысты боксшы Балауса Мұздыманның менеджері, бапкер Сағатбек Мұсахановтың қызы Уля Мұсаханова ресми пікір білдірді. Ол видеода Сағатбек Мұсахановқа бағытталған сөздердің шындыққа жанаспайтынын және жала жабылғанын айтты.

Мұсаханованың айтуынша, негізсіз айыптаулар ұзақ жылдарын спортқа арнап, талай спортшыны тәрбиелеген бапкердің беделіне нұқсан келтіреді және спорт қауымдастығындағы сенімге кері әсер етеді.

Ол бұл жағдайды құқықтық тұрғыдан қарастыруға дайын екенін, әдейі бұрмаланған ақпараттың таралуын тоқтату үшін сотқа жүгінетінін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам