ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Әлем кубогы: төрт боксшымыз жартылай финалда сүрінді

18.11.2025, 23:53

Осылайша турнирді қола медальмен аяқтады

Әлем кубогы: төрт боксшымыз жартылай финалда сүрінді
ҰОК

Үндістанда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогында төрт бірдей қазақстандық жартылай финалда жеңіліп, турнирді қола медальмен аяқтады.

80 келі салмақтағы Санжарәли Бегалиев жартылай финалда британиялық Оладимеджи Шиттуге жол беріп, жарысты қола жүлдемен қорытындылады.

Осы салмақта қыздар арасында ел намысын қорғаған Диана Мағауяева да финалға өте алған жоқ. Ол польшалық Агата Качмарскадан жеңіліп, жартылай финал нәтижесі бойынша қола медаль иегері атанды.

Ал 80 келіден жоғары салмақта Әсел Тоқтасын Өзбекстан боксшысы Олтина Сотимбоевамен өткен алғашқы кездесуде жеңіліп қалды. Дегенмен спортшы турнир кестесіне сәйкес қола жүлдегер атанды.

Ал 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Даниял Сапарбай үндістандық Нарендермен кездесті. Бұл айқаста жерлесіміз қарсыласына жол беріп, жарысты қоламен аяқтады.

Айта кетейік, 19 қараша күні Әлем кубогының жартылай финалындағы екінші кезең өтеді. Онда Қазақстан құрамасынан тағы төрт боксшы шаршы алаңға шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам