Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Әлем чемпионаты: Қазақстанның екінші боксшысы жеңіліс тапты

08.12.2025, 19:53

Бұған дейін Ерасыл Жақпековтің жеңілісі біраз пікірталас тудырған.

Әлем чемпионаты: Қазақстанның екінші боксшысы жеңіліс тапты
Автордан

Қазақстандық боксшы Нурмагамед Юсупов Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды. 

92 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда ол испаниялық Эммануэль Рейес Плаға жол берді - 4:1. Юсупов әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады. Ал қарсыласы - 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және әлем чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегеріширек финалға өтті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы сапынан екінші боксшы жеңіліп қалды.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы сапынан 80 келіде өнер көрсеткен Ерасыл Жақпековке жарыс жолынан шығып қалды. Оның ресейлік Джамбулат Бижамовпен кездесуіндегі төрешілер шешімі (4:1) көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. 

Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,32 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам