Қорытынды есеп – 4:0
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) нұсқасы бойынша әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов (48 келі) 1/8 финалда кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Отандасымыз бұл кезеңде үндістандық Девендра Сингх Соланкимен жұдырықтасып, үш раундқа созылған тартысты кездесуде төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жетті – 4:0. Екі төреші жекпе-жекті 30:25 және 30:26 есебімен Жүсіповтің пайдасына бағаласа, тағы бір төреші 28:28 тең нәтиже көрсетті.
Осылайша, 2013 және 2019 жылдардағы екі дүркін Азия чемпионы, 2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алды. Ал үнді боксшысы турнир жолын 1/8 финалда аяқтады.
2025 жылғы әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.