Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Серік Теміржанов замбиялық боксшыны бауырдан ұрып нокаутқа түсірді

08.12.2025, 23:30

Бұл - оның әлем чемпионатындағы екінші айқасы. 

Серік Теміржанов замбиялық боксшыны бауырдан ұрып нокаутқа түсірді
ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында ширек финалға шықты.

60 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Серік бұл жолы замбиялық Эндрю Чилатамен қолғап түйістірді. Жерлесіміз қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберіп, жарқын жеңіске қол жеткізді.

2021 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, биылғы Қазақстан чемпионы Теміржанов осы нәтижемен ширек финалға жолдама алды. Ал Чилата үшін жарыс осы кезеңде аяқталды.

Айта кетейік, Серік турнирдің алғашқы кезеңінде моңғолиялық Цэндбаатар Эрдэнэбатты 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтқан еді.

IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам