Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровты алмастырды.
Бокстан екі жыл бұрын құрылған U22 құрамасының жобасы өз жұмысын тоқтататын болды. Бұл туралы еліміздің бокс федерациясы мәлімдеді.
Дегенмен аталған команда боксшылары ұлттық құрама сапына қосылатыны айтылып отыр. Оларды жаттықтырған Бақыт Сәрсекбаев бұдан былай жастар құрамасының тізгінін ұстамақ. Бейжің Олимпиадасының чемпионы бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровты алмастырды.
Бақыт Сәрсекбаев бокстан 69 келіде Бейжің Олимпиадасының чемпионы. Азия біріншілігінің үш мәрте жеңімпазы болса, 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында топ жарған.
Ол боксшы ретінде мансабын аяқтаған соң федерациясы атқару директор, кейін бапкер ретінде жұмыс істеді.