Пакьяо үшін бұл – ұзақ жылдық үзілістен кейінгі екінші жекпе-жек болмақ
Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо 18 сәуір күні Лас-Вегаста ресейлік Руслан Проводниковпен жекпе-жек өткізеді.
10 раундқа жоспарланған айқас көрме форматында ұйымдастырылады.
47 жастағы Пакьяо үшін бұл – ұзақ жылдық үзілістен кейінгі екінші жекпе-жек болмақ. Ол 2021 жылы мансабын аяқтағанын жариялағанымен, 2025 жылы рингке қайта оралды. Былтыр шілде айында WBC тұжырымы бойынша чемпион Марио Барриосқа қарсы шаршы алаңға шығып, кездесу тең нәтижемен аяқталған еді.
Филиппиндік боксшы өз мансабында сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған – әлемдік спорт тарихындағы жалғыз спортшы.
Ал ресейлік 42 жастағы Руслан Проводников 2013–2014 жылдары WBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта чемпион болды. Оның соңғы кәсіби жекпе-жегі 2016 жылы өтіп, америкалық Джон Молина-кішіге есе жіберген.