Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан құрамасы «Странджа» кубогында сынға түседі

19.02.2026, 15:10

«Странджа кубогы-2026» 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді

Қазақстан құрамасы «Странджа» кубогында сынға түседі
ҚБФ

Бокстан ҚР ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Енді Ұлттық құрама мүшелері Болгарияда өтетін дәстүрлі халықаралық «Странджа кубогы» турнирінде кезекті рет шеберліктерін байқап көрмек.

«Странджа кубогы-2026» 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Ерекше мән беретін жайт, аталған турнир бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» деген атауға ие. Сонымен бірге, биылғы турнир 77-рет ұйымдастырылғалы отыр.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Странджа» турниріне қатысатын спортшылар алдағы демалыс күндері София қаласына жолға шығады. Ал осы айда Испанияда өткен Boxam Elite турнирінде бақ сынаған боксшылар ұлттық құраманың базасында 18 күндік оқу-жаттығу жиынын жалғастырады.

Өткен жылы ҚР ұлттық құрамасының боксшылары бұл сында 5 алтын, 8 күміс, 4 қола медальға ие болған еді. Сонымен бірге, бұл жарыста шаршы алаңға шығатын боксшылар есімі әзірге айтылған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам