Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты соңғы шешімді қабылдады

Бүгін, 10:42

Жәнібек Әлімханұлы бір жылға шеттетілді

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты соңғы шешімді қабылдады
Әлеуметтік желі

World Boxing Organization (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын бір жыл мерзімге дисквалификациялау туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде Ring порталы хабарлады.

WBO президенті Gуставо Оливьери Чемпиондық жекпе-жектер комитеті бірауыздан осындай шешім шығарғанын мәлімдеді. Қаулыға сәйкес, қазақстандық боксшы 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап (кері есеппен) бір жыл бойы барлық ресми жекпе-жектеріне қатыса алмайды. Ұйымның толық жазбаша шешімі кейінірек жарияланады.

15 қарашада тапсырылған допинг-сынамада тыйым салынған мельдоний заты анықталған. Шеттету мерзімі 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап есептелетіндіктен, боксшы рингке тоғыз айдан астам уақыттан кейін оралуы ықтимал.

Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 КО) 6 желтоқсанда WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс еді. Алайда оң сынама туралы ақпарат шыққаннан кейін ол жекпе-жек кешінің тізімінен алынды. Спортшы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

Мельдоний 2016 жылдан бері World Anti-Doping Agency (WADA) тыйым салынған препараттар тізіміне енгізілген. Мамандардың пікірінше, бұл зат төзімділікті арттырып, ауыр жүктемеден кейінгі қалпына келу үдерісін жеделдетуі мүмкін.

Дисквалификация кезеңінде орта салмақта WBO-ның уақытша чемпионы анықталады. Ұйым рейтингтегі бірінші үміткер Дензел Бентли мен екінші үміткер Эндри Сааведра арасында уақытша титул үшін жекпе-жек өткізуге санкция берді.

Шеттету мерзімі аяқталған соң Жәнібек Әлімханұлы уақытша чемпионмен аралық айқастарсыз тікелей кездесуі тиіс. Керісінше жағдайда WBO регламентке сәйкес қосымша шаралар қабылдау құқығын сақтайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам