Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Странджа кубогы–2026»: Төрт алтынның үшеуін қыздар еншіледі

02.03.2026, 11:27

Отандық боксшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 9 медаль жеңіп алды

«Странджа кубогы–2026»: Төрт алтынның үшеуін қыздар еншіледі
ФОТО: KBF

Қазақстан ұлттық құрамасы Болгария астанасы София қаласында өткен халықаралық "Странджа кубогы-2026" турниріндегі өнерін сәтті аяқтады. Бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» деп аталатын беделді жарыста отандық боксшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 9 медаль жеңіп алды.

2026 жылы турнир 77-рет ұйымдастырылып, Еуропадағы ең көне халықаралық бокс додасы мәртебесін тағы бір мәрте растады.

Алтын медаль (4)

  • Даниял Сәбит – 50 кг дейін

  • Валерия Аксенова – 80 кг жоғары

  • Надежда Рябец – 80 кг дейін

  • Элина Базарова – 54 кг дейін

Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль иеленіп, медаль кестесінде екінші орынға тұрақтады.

Күміс медаль (2)

  • Фарух Тохтасынов – 70 кг дейін

  • Лаура Есенгелді – 65 кг дейін

Қола медаль (3)

  • Әнел Сакыш – 54 кг дейін

  • Валентина Хальзова – 75 кг дейін

  • Дина Исламбекова – 80 кг жоғары

Жалпыкомандалық есеп

  1. Өзбекстан – 7 алтын

  2. Қазақстан – 4 алтын

  3. Украина – 3 алтын

  4. Англия – 2 алтын

  5. Болгария – 2 алтын

  6. Косово – 1 алтын

  7. АҚШ – 1 алтын

39 боксшының алтауы финалға шықты

Биылғы турнирге Қазақстаннан 39 боксшы (19 ер, 20 әйел) қатысты. Олардың алтауы финалға жолдама алып, төртеуі чемпион атанды.

Айта кетейік, "Странджа кубогы" дәстүрлі түрде әлемнің жетекші құрамаларын жинайтын беделді жарыс саналады. Қазақстан құрамасының бұл нәтижесі алдағы халықаралық жарыстар алдында маңызды көрсеткіш болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам