Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Нұржан Насанов Қазақстан құрамасының 2026 жылға жоспарын жариялады

Бүгін, 09:18

Жоспар бойынша Азия ойындарына дейін төрт дайындық циклі ұйымдастырылады

Нұржан Насанов Қазақстан құрамасының 2026 жылға жоспарын жариялады
. Фото: olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы бокстан 2026 жылы өтетін негізгі халықаралық жарыстарға дайындықты бастап кетті. Ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Насанов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында жуырда өткен Странджа кубогының қорытындысын шығарып, спортшылардың өнеріне баға беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Бас бапкердің айтуынша, биылғы маусымдағы басты мақсат – Азия чемпионаты мен Азия ойындарына жоғары деңгейде дайындалып, табысты өнер көрсету.

Нұржан Насановтың сөзінше, команда жарыстарға циклдік дайындық жүйесі бойынша әзірленеді. Қазір алғашқы дайындық циклі аяқталған. Алғашқы оқу-жаттығу жиыны «Алма-Тау» орталығында өтті, ал екінші жиын Испанияда ұйымдастырылды. Осыдан кейін қазақстандық боксшылар халықаралық турнирге қатысып, өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Әрбір дайындық циклі екі оқу-жаттығу жиынынан және бір жарыстан тұрады.

 Мен барлық спортшыға өздерін көрсетуге мүмкіндік бердім. Команданың әлеуетін саралап алдық. Енді сол талдауға сәйкес нақты бағытта жұмыс істейміз, – деді бас бапкер.

Қазіргі уақытта құраманың бірінші нөмірлі спортшылары Алматыда жаттығуды бастап кеткен. 12 наурыздан бастап дайындықтың екінші кезеңі басталады. Одан кейін Азия чемпионаты өтеді.

Жоспар бойынша Азия ойындарына дейін төрт дайындық циклі ұйымдастырылады. Сонымен қатар команда АҚШ-та оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр. Ал шешуші дайындық кезеңі Жапонияда өтеді.

Құраманы жасақтау мәселесіне тоқталған бас бапкер Азия чемпионатынан кейін ұлттық құраманың нақты тізімі анықталатынын айтты. Азия ойындарында алты салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады. Бұдан бөлек, алда Әлем кубогының екі кезеңі өтеді: алғашқысы Бразилияда, екіншісі Қытайда ұйымдастырылады.

Осылайша, ұлттық құрамадағы бәсекелестік жоғары деңгейде сақталып, іріктеу кезеңі бірнеше халықаралық жарыс арқылы жүргізіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам