Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Өзбекстаннан келген қазақ боксшысы неліктен ұлттық құрама сапына ілікпей жүр

05.03.2026, 15:27

Ол елімізге қаңтарда келген.

Өзбекстаннан келген қазақ боксшысы неліктен ұлттық құрама сапына ілікпей жүр
Өзбекстан бокс федерациясы

Қаңтар айында бокстан Өзбекстан құрамасы сапында өнер көрсететін этникалық қазақ Саят Ілиясовтың Қазақстанға ауысып, спорттық мансабын атажұртында жалғастырғысы келетіні туралы жаңалық кеңінен тараған болатын.

Алайда екі ай өтсе де, Саят Ілиясов Қазақстан атынан ешбір турнирде рингке шыққан жоқ. Ал оның себебін Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенев Sportarena.kz сайтына берген жауабында түсіндірді.

«Боксшының Маңғыстау облысының атынан өнер көрсеткісі келетінін білеміз. Ол біздің боксшылармен бірге оқу-жаттығу жиындарына да қатысқан. Бірақ ең алдымен Саят Қазақстан азаматтығын алуы керек және Қазақстан бокс федерациясына қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс.

Сонымен қатар өзін іс жүзінде дәлелдеуі қажет, яғни Қазақстан чемпионатында жүлдегерлер қатарына енуі керек. Биыл ел чемпионаты қазан-қараша айларында өтеді. Сондықтан осы уақытқа дейін құжат мәселесін шешіп, турнирге дайындалуға мүмкіндігі бар», – деді Рауан Игенев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам