Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Жылқының етін жейсіңдер»: америкалық чемпион қазақтардың мықты болуының себебін айтты

16.04.2026, 17:47

Ол Жанқош Тұраровпен спарринг барысында осылай деп пікір білдірген. 

«Жылқының етін жейсіңдер»: америкалық чемпион қазақтардың мықты болуының себебін айтты
xsport.ua

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров АҚШ-тағы жаттығуы барысында жеңіл салмақта IBF Inter-Continental чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді.

Жаттығудан кейін америкалық боксшының айтқан пікірі желіде қызу талқыланып жатыр.

Тұраровтың айтуынша, спаррингтен кейін екі спортшы жақсы тіл табысып, еркін әңгімелескен. Сол сәтте Дэвис қазақстандық боксшылардың мықтылығы туралы өз болжамын айтқан:

«Спаррингтен соң достасып кеттік. Ол маған «Қазақтар жылқының етін жейді, сондықтан да мықты» деп айтты», – деп жазды Жанқош әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйек айында Алматыда өткізді. Сол кеште ол филиппиндік Али Канеганы төрешілер шешімімен жеңіп, кәсіби мансабындағы 29-жеңісіне қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық боксшы әлі күнге дейін жеңіліссіз сериясын сақтап келеді.

Қазіргі уақытта Жанқош Тұраров АҚШ-та жаттығуын жалғастырып, келесі айқасына дайындалып жатыр. Әзірге оның келесі қарсыласы мен жекпе-жек өтетін күн ресми түрде жарияланған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам