Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мейірім Нұрсұлтанов WBC белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді

17.04.2026, 17:42

WBC бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы - доминикандық Карлос Адамес

Мейірім Нұрсұлтанов WBC белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді
әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша орта салмақта чемпиондық жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Tengri Sport боксшы командасындағы дереккөзге сілтеме жасап жазды.

Мәліметке сәйкес, Нұрсұлтанов уақытша чемпиондық белбеу үшін айқас өткізу мүмкіндігіне ие болған. Қазіргі таңда қарсылас тараптың жауабы екі апта ішінде белгілі болады деп күтілуде. Сондай-ақ боксшы бұған дейін екі мәрте берілмеген АҚШ визасын да алған.

Айта кетейік, WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы - доминикандық Карлос Адамес. Ал уақытша чемпиондық белбеуді 2024 жылдың желтоқсанында америкалық Хесус Рамос иеленген. Бұл салмақта Қазақстан атынан тағы бір чемпион - Жәнібек Әлімханұлы өнер көрсетеді. Ол WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, сондай-ақ бұған дейін IBF белбеуінің иегері болған. Алайда допинг сынамасынан кейін аталған титулынан айырылған.

Мейірім Нұрсұлтанов соңғы екі жыл бойы шаршы алаңға шыққан жоқ. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы өткізіп, чилилік Хулио Аламосты төрешілер шешімімен жеңген еді.

Айта кету керек, Нұрсұлтанов бірнеше жылдан бері WBC тұжырымы бойынша міндетті үміткер саналады. Алайда қазіргі чемпион тарапынан онымен жекпе-жек өткізуге келісім әлі берілмей келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам