Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бразилиядағы Әлем кубогы: қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі

Бүгін, 10:15

Жарысты World Boxing ұйымы ұйымдастырады

Бразилиядағы Әлем кубогы: қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі
ҰОК

Бразилияда өтетін Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.

20 сәуір күні Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен бокстан 2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталады. Жарыс қарсаңында өткен жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасының боксшылары алғашқы қарсыластарын білді.

Еліміздің атынан бұл кезеңде тоғыз спортшы бақ сынайды:

50 кг (13 қатысушы)
1/8 финал:
Даниэль Сабит - Иштван Сака (Мажарстан)

55 кг (27 қатысушы)
1/16 финал:
Бағлан Кенжебек - Жирайр Саргсян (Армения)

60 кг (27 қатысушы)
1/16 финал:
Жансері Көшербаев - Джуд Галлахер (Ирландия)

65 кг (30 қатысушы)
1/16 финал:
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Хассен Атия (Тунис)

70 кг (29 қатысушы)
1/16 финал:
Фарух Тоқтасынов - Джон Макконнелл (Ирландия)
Егер келесі кезеңге өтсе, ол әлем чемпионы Севон Оказавамен кездесуі мүмкін.

75 кг (9 қатысушы)
1/4 финал:
Санжарәлі Бегалиев - Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан, екі дүркін әлем чемпионы)

80 кг (23 қатысушы)
1/16 финал:
Диас Молжігітов - Кай Ториабе (Жапония)

85 кг (7 қатысушы)
1/4 финал:
Сұлтанбек Айбарұлы - Паоло Карузо (Италия)

90 кг (16 қатысушы)
1/8 финал:
Дәулет Төлемісов - Филио Исайас (Бразилия, әлем чемпионатының күміс жүлдегері)

Әйелдер арасында қазақстандық боксшылардың қарсыластары да белгілі болды:

Финал:
Валерия Аксенова - София Сира (Мажарстан)

1/2 финал:
Жібек Жарасқызы - Эмилия Котерска (Польша)

1/8 финал:
Аида Әбікеева - Виктория Жилкова (Чехия) / Мезмориз Андерсон (Жаңа Зеландия) жұбының жеңімпазы

1/8 финал:
Виктория Графеева - Эмили Рзаева (Әзербайжан)

1/8 финал:
Алуа Балқыбекова - Михаэла Бадеску (Румыния) / Златислава Чуканова (Болгария) жұбының жеңімпазы

1/8 финал:
Назым Қызайбай - Айшен Ташқын (Түркия)

Айта кетейік, жарыстың күндізгі сессиясы Қазақстан уақытымен 19:00-де, ал кешкі сессиясы 23:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам