Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бразилиядағы Әлем кубогы: қазақстандық 2 боксшы алғашқы айналымда жеңілді

Бүгін, 08:35

Бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының бес боксшысы рингке шықты

Бразилиядағы Әлем кубогы: қазақстандық 2 боксшы алғашқы айналымда жеңілді
ҚБФ

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының бірінші жарыс күнінде қазақстандық бес боксшы рингке көтерілді.

Күндізгі сессияда Жансері Көшербаев, Дәулет Төлемісов және Назым Қызайбай жұдырықтасса, кешкі сессияда Фарух Тоқтасынов пен Диас Молжігітов шаршы алаңға шықты.

Нәтижелер:

Ерлер, 60 кг, 1/16 финал:
Жансері Көшербаев — Джуд Галлахер (Ирландия) — төрешілердің шешімімен (бөлінген) Галлахер жеңіске жетті.

Ерлер, 70 кг, 1/16 финал:
Фарух Тоқтасынов — Джон Макконнелл (Ирландия) — төрешілердің бөлінген шешімімен Тоқтасынов жеңіске жетті.

Ерлер, 80 кг, 1/16 финал:
Диас Молжігітов — Каи Ториябе (Жапония) — Молжігітов екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ерлер, 90 кг, 1/8 финал:
Дәулет Төлемісов — Исайас Фильо (Бразилия) — төрешілердің бірауызды шешімімен Фильо жеңді.

Әйелдер, 54 кг, 1/16 финал:
Назым Қызайбай — Айшен Ташқын (Түркия) — төрешілердің бөлінген шешімімен Қызайбай жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам