Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Канело кіммен жұдырықтасады? Қарсыласқа рекордтық сыйақы беріледі

Бүгін, 11:49

Сауль Альварес келесі жекпе-жегіне қарсылас іздеуді жалғастырып жатыр

Канело кіммен жұдырықтасады? Қарсыласқа рекордтық сыйақы беріледі
Getty Images

Екінші орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварес (63-3-2, 39 нокаут) алдағы кездесуіне қатысты нақты шешімге жақындады. Оның рингке қайта оралуы 12 қыркүйекте Эр-Риядта өтеді деп жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда басты үміткерлердің бірі – WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, франциялық Кристиан Мбилли (29-0-1, 24 нокаут). Дегенмен, келіссөздер әлі аяқталған жоқ, сондықтан ол тек ықтимал қарсыластар тізімінде.

Дереккөздердің айтуынша, Канелоның келесі қарсыласы кім болса да, мансабындағы ең жоғары сыйақыға ие болады.

Альварес шешім қабылдауға асығар емес. Ол алдымен алдағы титулдық айқастардың нәтижесін күтпек: WBA чемпионы Хосе Ресендис Хайме Мунгиямен кездеседі, ал WBO белбеуі үшін Хамза Шираз бен Алем Бегич күш сынасады.

Сондай-ақ ықтимал қарсыластар қатарында америкалық, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Джермалл Чарло (34-0, 23 нокаут) да бар. Соңғы сөз, әдеттегідей, Альварестің өзіне тиесілі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам