Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Иван Дычко Ұлыбританияға жетті: қазақ боксшысын қауіпті қарсылас күтіп тұр

Бүгін, 09:44

6 маусым күні Zuffa Boxing турнирі аясында шаршы алаңға шығады

Иван Дычко Ұлыбританияға жетті: қазақ боксшысын қауіпті қарсылас күтіп тұр
әлеуметтік желі

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко Ұлыбританияның Борнмут қаласына жетті. Ол алдағы демалыс күндері өтетін Zuffa Boxing турнирі аясында шаршы алаңға шығады.

6 маусым күні өтетін бокс кешінің алдын ала кардында Дычко жеңілістің дәмін татпаған британдық Харви Дайкспен қолғап түйістіреді. Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында Борнмуттағы қонақүйден сурет жариялап, жекпе-жекке дайын екенін аңғартты.

Кештің басты айқасында британдық Крис Биллам-Смит пен канадалық Райан Розицки бірінші ауыр салмақта күш сынасады.

Айта кетейік, Дычко соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткізген болатын. Сол кездесуде ол америкалық Джермейн Франклинге төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберіп, кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам