Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық боксшы АҚШ-та WBC белбеуі үшін айқасады

Бүгін, 09:52

Бұл 25 жастағы Павлов үшін биылғы екінші айқас болмақ

Қазақстандық боксшы АҚШ-та WBC белбеуі үшін айқасады
instagram.com/kazproboxing

Қазақстандық екінші жеңіл салмақтағы боксшы Евгений Павлов келесі жекпе-жегін чемпиондық мәртебеде өткізеді.

Жеңіліс көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері 18 шілде күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Хановер қаласында колумбиялық Альбейро Паредеспен кездеседі. Бұл жекпе-жекте екінші жеңіл салмақтағы WBC Continental Americas чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

25 жастағы Павлов үшін бұл 2026 жылғы екінші айқас болмақ. Ол биылғы 25 сәуірде екі жылдық үзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралып, америкалық Антонио Дантон Элді төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Қазіргі таңда Евгений Павлов кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның сегіз қарсыласын мерзімінен бұрын жеңгені қазақстандық боксшының нокауттық әлеуетін айқын көрсетеді.

Алдағы титулдық кездесу Павловтың мансабындағы маңызды сынақтардың бірі болмақ. WBC Continental Americas белбеуін жеңіп алу қазақстандық спортшының әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартып, ірі чемпиондық айқастарға жол ашуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам