Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Сәкен Бибосынов Түркия бокс федерациясының базасында жаттығуды бастады

Бүгін, 10:58

Бибосынов Қазақстан құрамасының АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қатысқан жоқ

Сәкен Бибосынов Түркия бокс федерациясының базасында жаттығуды бастады
instagram.com/sakenbibosinov

Қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Түркияда дайындыққа кірісті.

Спортшы Instagram желісіндегі парақшасында Түркия бокс федерациясының Кастамону қаласындағы базасында өткен жаттығуынан видео жариялады.

Бұл спорт кешені Түркия құрамасының негізгі биік таулы оқу-жаттығу базаларының бірі саналады.

Айта кетейік, Бибосынов Қазақстан құрамасының АҚШ-тың Санта-Моника қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысқан жоқ. Ұлттық құрама бұл жиында Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындалып жатыр.

Бұған дейін Сәкен Бибосынов мамыр айының соңында Алматыда өткен Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық турнирде топ жарған еді. Ол жарыста барлық қарсыласын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам