Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Назым Қызайбайға әлемдік деңгейде ерекше мәртебе берілді

14.07.2026, 23:06

Боксшы әлемнің ең ұлы 150 боксшысының қатарына енді

Назым Қызайбайға әлемдік деңгейде ерекше мәртебе берілді
ҚБФ

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлемдік әуесқой бокстың тарихындағы ең үздік 150 боксшының қатарына енді.

Бұл тізімді британдық бокс сарапшысы Мэтт Робинсон жасап, қазақстандық спортшының ұзақ жылғы тұрақты өнері мен жоғары деңгейін ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, Қызайбай көптеген қазіргі жұлдыздар халықаралық аренаға шықпай тұрып-ақ екі дүркін әлем чемпионы атанған. Кейінгі қиын кезеңнен соң ол мансабын сәтті жандандырып, тағы бір әлем чемпионатының алтынын, әлем біріншілігінің күмісін және Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алған.

Сарапшы Назымның жетістігі тек жүлделермен ғана өлшенбейтінін айтты.

«Оны ерекше ететін – уақыт өте келе өзгеріп, дами білуі. Жылдам қол қимылы мен өткір комбинациялары бұрыннан мықты қыры болса, кейін оған тактикалық сауаттылық, салқынқанды шешім қабылдау және жоғары деңгейдегі бокс интеллектісі қосылды», – деп жазды Робинсон.

Сондай-ақ ол Назым Қызайбайдың Сарджубала Деви, Чутамат Раксат, Каролине де Алмейда, Минакши, Сабина Бобокулова, Фарзона Фозилова, Натнича Чонгпронгкланг және Юлия Чумгалакова секілді мықты қарсыластарды жеңгенін атап өтті.

Робинсонның пікірінше, спорттық ұзақ ғұмыр, тұрақты нәтиже және үнемі дамуға деген ұмтылыс Назым Қызайбайды әйелдер арасындағы әуесқой бокстың ең ұлы өкілдерінің біріне айналдырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам