Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Кроуфорд: Жәнібекке байланысты жоспарым күл-талқан болды

20.07.2026, 11:49

Кроуфорд абсолютті чемпион атануды жоспарлаған

Кроуфорд: Жәнібекке байланысты жоспарым күл-талқан болды
Getty Images

Америкалық боксшы, төрт салмақта әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Теренс Кроуфорд кәсіби мансабын орта салмақта жалғастырып, абсолютті чемпион атануды жоспарлағанын айтты.

Кроуфордтың сөзінше, Сауль «Канело» Альваресті жеңгеннен кейін ол орта салмаққа түсіп, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен WBC чемпионы Карлос Адамес арасындағы біріктіру жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді көздеген.

«Канелодан» кейін 168 фунтқа ауысамын деп ойладым. Одан кейін не болады? Жәнібек Карлос Адамеспен оның белбеуі үшін жұдырықтасуы керек еді. Жәнібекте екі титул, Карлоста бір титул болды. Бұл жекпе-жекте үш белбеу сарапқа салынатын еді. Ал жеңімпаз кейін төртінші титул үшін айқасып, орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанар еді», – деді Кроуфорд Breakfast Club 105 FM эфирінде.

Алайда америкалық боксшы бұл жоспардың жүзеге аспай қалғанын айтты.

«Канелодан» кейін осы дивизионда не болатынын күтемін дедім. Кейін Жәнібектен тыйым салынған заттар анықталғаны туралы ақпарат шықты. Соның салдарынан жекпе-жек өтпей қалды», – деді ол.

Кроуфордтың айтуынша, біріктіру жекпе-жегінің өтпеуі орта салмақта барлық чемпиондық белбеуді қысқа мерзімде біріктіру мүмкіндігін жойған. Бұл оның кәсіби мансабын аяқтау туралы шешім қабылдауына әсер еткен негізгі себептердің бірі болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам