Әлем чемпионаты 27 қазанда мәресіне жетеді
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жеті өкілі ширек финалға жолдама алды.
1/8 финалдық кезеңнен сүрінбей өткен қазақстандықтар енді жартылай финалға шығу үшін жұдырықтасады. Бұл кезеңдегі жеңіс оларға кемінде қола медальді қамтамасыз етеді.
Ширек финалға шыққан боксшылар:
50 келіге дейін: Әділ Асқанбай;
55 келіге дейін: Айдос Үсенов;
60 келіге дейін: Данияр Ақбисенов;
65 келіге дейін: Ақжүрек Қалабай;
70 келіге дейін: Бибарыс Әшірбай;
90 келіге дейін: Еркетан Жарқынбек;
90 келіден жоғары: Владислав Саможонов.
Әлем чемпионаты 27 қазанда мәресіне жетеді.