Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Дулат Бекбауов спаррингтік турнирдің финалына жолдама алды

09.04.2024, 16:36

Ол финалда Мұхамедсабыр Базарбайұлымен жұдырықтасады

Дулат Бекбауов спаррингтік турнирдің финалына жолдама алды
Қазақстан бокс федерациясы

Астанада бокстан өтіп жатқан спаррингтік турнирдің жартылай финалында тараздық Дулат Бекбауов финалға шықты. 

Ол 63,5 келіде павлодарлық Серік Теміржановты төрешілер шешімі бойынша ұтты. Үш раундқа созылған сында Дулат қарсыласының осал тұсын таба білді.

67-ден 63,5 келіге салмақ түсірген ол өзінің соққыларының жойқын екенімен ерекшеленді.

Айта кететін жайт, қос боксшы да әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Енді Дулат финалда осы салмақтың тағы бір үздігі Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен өзара мықтыны анықтайды.

Ал екеуара сында жеңіске жеткен боксшы мамыр айының соңында Таиландта Париж Олимпиадасына жолдамасын сарапқа салатын сынға аттанбақ.

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары бұған дейін алты салмақта Олимпиада жолдамасын иеленіп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам