Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Менің екі титулым бар, бірақ мені ешкім жекпе-жекке шақырмайды – Жәнібек Әлімханұлы

27.04.2024, 09:37

«Қазақ стилі» қашан абсолютті чемпион болады?

Менің екі титулым бар, бірақ мені ешкім жекпе-жекке шақырмайды – Жәнібек Әлімханұлы
Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) өз салмағындағы өзге чемпиондарды тағы да жекпе-жекке шақырды.

Қазақ боксшысы өзінің Twitter-парақшасында Джермал Чарло (33-0, 22 КО) мен Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) шақырту тастаған. Олардың алғашқысы WBC, соңғысы WBA чемпиондық белбеулерінің иесі.

«Мен бұны бірнеше рет айттым. Мен атақты боксшылармен жұдырықтасқым келеді. Келесі қарсыласым танымал болады деп үміттенемін. Менің екі атағым бар, бірақ ешкім мені жекпе-жекке шақырмайды. Бұл жақсы емес! Лара? Чарло?

Мен Чарломен немесе Ларамен жұдырықтасқым келеді. Олардың титулдары бар, олар чемпиондар! Қайдасыңдар, чемпиондар? Төбелесейік немесе маған атақтарыңды беріңдер»,- деді Әлімханұлы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қазан айында АҚШ-та өткізді. Ол кезде «Қазақ стайл» алтыншы раундта неміс Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңіп, IBF атағын алған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам