Бұл оның кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісі
Кәсіпқой бокстан алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (7-1, 5 КО) Англияда кезекті жекпе-жегін өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті.
Отандасымыз 40 жастағы поляк боксшысы Роберт Таларекпен (28-24-3, 19 КО) жұдырықтасқан болатын. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек төртінші раундта Құлахметтің жеңісімен аяқталды. Қазақ боксшысы қарсыласының бүйіріне ауыр соққысын дарытқаннан кейін ол сұлап түсті және қайта аяққа тұра алған жоқ.
Еске салайық, Тұрсынбай Құлахметтің мансабындағы жалғыз жеңілісі 2021 жылы қазан айында тіркелген болатын болатын. Ол кезде жерлесіміз доминикалық Хуан Карлос Абреуден (26-7-1, 24 КО) нокаутпен жеңілген еді. Мұнан кейін ол колумбиялық Хоэль Хулионы және француз Фуад әл-Массудиді жеңді.
Айта кету керек, Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокспен қатар әуесқойда да өнер көрсетіп келген.