Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Астанада өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатын қазақ боксшылары сәтті бастады

28.04.2024, 10:03

Отандасымыз жарыстағы ең жылдам нокаутты тіркеді

Астанада өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатын қазақ боксшылары сәтті бастады
Қазақстан бокс федерациясы

Астанада жалауы көтерілген бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатын қазақстандық боксшылар сәтті бастады. Бірінші күні рингке шыққан бес боксшының бәрі жеңіске жетсе, олардың үшеуі жекпе-жегін нокаутпен аяқтады.

60 келіде өнер көрсеткен Алексей Хаванцев бірінші раунд басталған сәтте-ақ Бутаннан келген қарсыласы Дечен Доржиды ұрып құлатты. Бұл – жарыстағы ең жылдам нокаут ретінде тіркелуі мүмкін.

Ал, 63,5 келідегі Ахмет Үсен түрікмен боксшысы Мерген Ходжамаммедовпен жұдырықтасып, оны үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, Санжарәлі Бегалиев (75 кг) екінші раундта вьетнамдық боксшы Фам Данг Луды жеңді.

Бұл күні рингке шыққан Нұрасыл Төлебек (54 кг) пен Жансерік Көшербаев (57 кг) та келесі айналымға жолдама алып отыр. Алғашқысы оңтүстіккореялық Чжин Чжу Анды жеңсе, соңғысы тайваньдық боксшы Чу По Чуньды қапы қалдырды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам