Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Елеусіновті алмастырған қазақ боксшысы өзбек қарсыласынан жеңілді (ВИДЕО)

28.04.2024, 01:42

Өзбекстандық боксшыны былтыр Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатында жеңген

Елеусіновті алмастырған қазақ боксшысы өзбек қарсыласынан жеңілді (ВИДЕО)
IBA

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кезекті «IBA Чемпиондар түні» бокс кеші өтті. Басты жекпе-жекте қазақ боксшысы Талғат Шәйкен Өзбекстаннан келген Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасты.

Әу баста бұл жекпе-жекке Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов шығуы керек болған еді. Бірақ ол жарақатына байланысты соңғы сәтте төбелестен бас тартты. Ал, Елеусіновті алмастырған Шәйкен төрешілердің шешімімен қарсыласына есе жіберді.

Жекпе-жек сегіз раундқа жалғасты. Жеңімпазға IBA версиясы бойынша Азия чемпионы деген белбеу берілді.

Айта кетейік, Талғат Шәйкеш жастар арасында Азия чемпионы. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының финалисі. Соңғы жылдары кәсіпқой бокста жүр. 

Ал қарсыласы Саиджамшид Джафаров 75 келіге дейінгі салмақта екі рет Азия чемпионы атанған. Былтыр Ташкентте өткен әлем біріншілігінде 71 келіге дейін салмақта күміс жүлдегер атанған. Ол кезде финалда қазақ боксшысы Асланбек Шымбергеновтен жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам