Ол 19 жасқа толмағандықтан Олимпиаданың іріктеуіне қатыса алмаған болатын
Бокстан Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында отандасымыз Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Шымкенттің 18 жастағы боксшысы 67 келіге дейін салмақта бақ сынап жатыр. Ол жеребе бойынша Қырғызстан атынан келген Рамзан Қадыровпен кездеседі. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, Төрехан биыл Париж Олимпиадасынына қатысатын Махмұд Сабырханның туған інісі. Сабырхандардың кішісі Олимпиадаға 19 жасқа толмағындықтан қатыса алмады.